Алау.Отан алдындағы борыш
Арман,ерлік және Отанға адалдық туралы ертегі
by Алуа
Алау.Отан алдындағы борыш
Ерте, ерте, ертеде емес, дәл осы заманда, жүрегінде үлкен арманы бар Алау есімді кішкентай қыз өмір сүріпті. Алау бала кезінен өзгеше болатын. Құрбылары қуыршақпен ойнап жүргенде, ол әскери киім киіп, сапта жүретін сарбаздарды қызыға тамашалайтын. Әскери шерулерді көрсе, көзі жайнап, ту көтерген сарбаздарға қарап: «Бір күні мен де осы сапта тұрамын. Мен де ел қорғайтын әскери қыз боламын!» — деп армандайтын. Ол өскенде генерал болуды, әскери шен алуды, елінің мақтанышына айналуды армандады.
Жылдар өтті. Кішкентай Алау бойжетіп, әскери бағыттағы білім жолын таңдады. Ол әскери тәртіппен, саптық дайындықпен, қару-жарақтың тарихымен және әскери жарғылармен таныса бастады. Алғашқы күндері оңай болмады.Кейде шаршады, кейде өзіне күмәнданды. Бірақ бала күнгі арманын орындауы керектігін білетін. Ол бір нәрсені түсінді: әскери форма кию — жай ғана киім кию емес, ол үлкен жауапкершілікті мойныңа алу.
Алау өзінің табандылығы мен білімінің арқасында өзгелердің құрметіне бөлене бастады. Әскери-патриоттық жарыстарға қатысты, түрлі сайыстарда бақ сынады. Көп ұзамай оның кеудесіне алғашқы медаль тағылды. Марапаттау рәсімінде оның есімі аталған сәтте, ол бала күнгі арманына тағы бір қадам жақындағанын сезінді. Ол марапатты мақтан үшін емес, маңдай тері мен еңбегінің белгісі ретінде қабылдады
Таңғы сағат 05:30. Телефонға қоңырау келді «Курсант Алау! Сізге маңызды тапсырма.Әскери бөлімге келіңіз Алау әскери киімін киіп,белгіленген орынға келді. Бұл жолы олжауапты тапсырманы орындауға жіберілді. Тапсырма аяқталған соң, басшылық оның жауапкершілігі мен ұйымдастырушылық қабілетін жоғары бағалады. Сол күннен бастап Алау үшін «құпия тапсырма» деге сенім мен жауапкершіліктің символына айналды
Алаудың өмірінде есте қаларлық күндер көбейді. Ол түрлі республикалық іс-шараларға қатысты, әскери-патриоттық жобаларға атсалысты, өзінен кейінгі жастарға үлгі бола бастады. Бір күні оны салтанатты марапаттау рәсіміне шақырды. Залда оның жетістіктері жарияланып, еңбегі ерекше аталды. Бір кездері әскери киімді армандаған кішкентай қыз өз ортасында беделге ие тұлғаға айналып келе жатты
Бірде Алауға өте жауапты ұйымдастырушылық міндет жүктелді. Уақыт аз,тапсырма көп,ал оның командасы одан нақты шешім күтті. Бәрін бір уақытта үйлестіру оңай болмады. Ол сабыр сақтап,әр мәселені ретімен шешті. Командасын жинап, міндеттерді бөліп берді. Нағыз әскери адам бұйрықты орындап қана қоймайды.Ол қиын сәтте жауапкершілік алып, өзгелерге тірек бола біледі
Уақыт өте келе Алау өз жолының енді ғана басталғанын түсінді. Оның алдында әлі талай асу, талай сынақ, талай белес күтіп тұрды. Ол болашақта жоғары әскери шенге жетуді, ел қауіпсіздігі жолында қызмет етуді, тіпті әскери тергеуші болуды армандады. Бір күні ол бала кезіндегі кішкентай суретін тауып алды. Суретте әскери форма киген кішкентай қыз бейнеленген екен. Алау суретке ұзақ қарап тұрып: — Сенің арманың орындала бастады- деді.
Содан кейін терезе алдына барып, көк байрағымызға көз салды. Ол енді бір нәрсені анық білетін: Әскери болу — шен мен атаққа жету ғана емес. Бұл — Отанға адалдық, тәртіп, батылдық, білім және үлкен жүрек. Ал оның есімі — Алау. Өйткені ол қай жерде жүрсе де, өз арманының отын сөндірмей, айналасына жарық шашуды мақсат етті.
Бір кездері әскери форманы армандаған кішкентай қыз бүгінде сол арманның жолында келе жатыр. Ал ертегінің соңы әлі жазылған жоқ… Себебі Алаудың ең үлкен жетістігі әлі алда еді.
Sharing
Hint: Share your story using this link
