Перпендикуляр әлеміндегі саяхат
by Дурдона
Read the story text
Перпендикуляр әлеміндегі саяхат
Бұл Айя. Ол математиканы өте жақсы көреді, бірақ перпендикуляр дегенді түсінбей жүр.
Сиқырлы қарындаш оны Перпендикуляр әлеміне алып кетті
Бұл әлемде барлығы тік бұрышты! Үйлер, ағаштар, тіпті жолдар да перпендикуляр.
Айяның алдынан досы Аружан шықты. "Мен саған көмектесемін" - деді.
Перпендикуляр дегеніміз - 90 градус болып қиылысатын екі түзу.
Міне, қара! Еден мен қабырға, кітаптың шеттері - бәрі перпендикуляр.
Айя қуанып кетті. "Енді түсіндім!" - деп айқайлады
Алдарында сиқырлы сарай тұрды. Есігін ашу үшін перпендикуляр сызу керек.
Айя сызғышпен әдемі тік бұрыш сызды. Сарай есігі ашылды!
Айя өз әлеміне оралды. Енді ол перпендикулярды ешқашан ұмытпайды. Соңы.
Sharing
Hint: Share your story using this link
Дурдона's Storybooks
No stories here yet.
